Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » Шәрбану Бейсенова

Шәрбану Бейсенова

03 июль 2019, Среда
934
0
Шәрбану Бейсенова (14 қазан 1947 жылы, Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - жазушы, журналист. Қазақ мемлекеттік университетін 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында 1968 жылы әдеби қызметкер болып бастаған, кейіннен бөлім меңгерушісі болды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысты. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман әрі жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысқан.«Қазақ әдебиеті» газетінде «Кітап әлемі» қосымшасының редакторы болды.[1]

Еңбегі

Алғашқы әңгіме, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды. Төл туындыларымен қатар аудармамен де айналысады. Украин жазушысы В.Дроздың, эстон жазушысы Е.Ермановтың, әзірбайжан жазушысы Анардың, латын жазушысы Д.Рукшаненің, армян жазушыларының жекелеген шығармаларын, X.Андерсеннің ертегілерін, латиноамерикандық қаламгер Ж.Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» атты романын қазақ тілше аударған.

Жетістіктері

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1985) марапатталды. «Тағылымды тағдырлар» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007).

Шығармалары

  • Тойға келген келіншек. Әңгімелер жинағы. А., «Жалын», 1980
  • Қызғалдақтар. Ұжымдық жинақ «Зағипа» повесі. А., «Жазушы», 1983
  • Топжарған қыздар. Деректі әңгімелер. А., «Жалын», 1985
  • Қазақ ауылы. Ұжымдық жинақ - «Темірқазық» әңгімәсі. А., «Жазушы», 1985
  • Сезімтал жүрек. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1988
  • Тағылымды тағдырлар. Аст; «Елорда», 2000
  • Нарық нақыштары. Ұжымдық жинақ -«Қарлыған піскен шақ», Қамсыздандыру агенті. Әңгімелер. А., «Қайнар», 2003
  • «Мизамшуақ». Әңгімелер жинағы. А., «Өлке», 2006
  • Сүзгенің соңғы күндері. Хикаят, әңгімелер жинағы. А., «Ан Арыс», 2008.

Жанұясы

  • Жолдасы - Сағатхан Әшімбайұлы Әшімбаев (1947-1991), дебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері;
  • Ұлы - Даурен (1969-1993), ҚазҰУ-дің Тарих факультетін тәмамдаған, қайғылы жағдайда қаза болған (Кеңсей зиратында, әкесінің қасында жерленген);
  • Ұлы - Мәулен (28.01.1971), қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Дереккөздер


 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса   - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл 
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры